Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының 35 жылдығына орай алқа мәжілісі өтті.
Салтанатты шараға «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Басқарма басшысы Қайыржан Алдашұлы Рахымжанов қатысып, тіл саясатын іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 -2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарына тоқтала келе, тілдерді дамыту саласының өзекті мәселелерін де қамтыды.
Аталған кеңесте «Қазақ тілі» қоғамының тарихы, мемлекеттік тілді дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар және тіл саясатының өзекті мәселелері талқыланды.
Алқа мәжілісіне Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық, аудандық филиалының мүшелері, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, колледж оқытушылары мен студенттері, білім саласының қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, аудан делегаттары, БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында көпжылдық адал еңбегі, тілдерді дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының құрылғанына 35 жыл толуына орай бірқатар азаматтар марапатталды. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Ә.Н. Сүлейменова «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Шара соңында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Солтүстік Қазақстан облысы филиалының төралқа құрамына арнайы куәлік табысталды.