Түркістан қаласында «Ұлттық ономастика: ізденіс пен тәжірибе» Республикалық семинары

Түркістан қаласында «Ұлттық ономастика: ізденіс пен тәжірибе» Республикалық семинары
Ү.ж. 18-19 сәуір күндері Түркістан қаласында «Ұлттық ономастика: ізденіс пен тәжірибе» республикалық семинары өтті.
Семинарды ашып, жүргізген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әлиұлы Әли.
Іс-шара жұмысына Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, академик Серік Негимов, мемлекет және қоғам қайраткері Дархан Мыңбай, Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, Ономастика басқармасының басшысы Елерке Төрехан, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, «Ономастар одағы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Гүлнәр Бекенова, тиісті орталық мемлекеттік органдардың басшылары, өңірлердегі ономастика саласын басқарып отырған басқарма, бөлім басшылары, мамандары, сондай-ақ өңірдегі аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Семинар жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының м.а. С.А. Әубәкіров пен бас маман Ә.Т. Бимаханова қатысты.
Аталмыш шара барысында Басқарма басшысының м.а. 
С.А. Әубәкіров «Солтүстік Қазақстан облысында ономастика жұмыстарының жүргізілу әдістемесі» тақырыбына баяндама жасады.
Шараның екінші күні Түркістан облысы Төле би ауданында көшпелі семинары ұйымдастырылып, облыстың тарихи жерлері бойынша экскурсиямен аяқталды.