12 тамыз күні Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Құлагер шабыт-сері Ақан» атты салтанатты іс-шара Айыртау ауданында өтті. Іс-шараны облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың құттықтау сөзімен ашты. Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын тапсырды.
Жиналған қауымға Ақан Сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының әртістері мерекелік көңіл күй сыйлады.