Облыс әкімі мәдениет және өнер майталмандарын марапаттады

Облыс әкімі мәдениет және өнер майталмандарын марапаттады

26 мамыр Ақан Сері атындағы   облыстық филармонияда мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған «Мәдениет - ұлт қазынасы» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Мәдениет қайраткерлерінің кәсіби мерекесімен СҚО әкімі Айдарбек Сапаров құттықтады.

Жоғары кәсібилігі мен ел мәдениетіне қосқан үлесі үшін Сенат төрағасы Марлен Әшімбаевтың грамотасымен «Сенсатив» бал би ансамблі, көркемдік жетекшісі Ольга Роставщикова, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен және  «Еңбек ардагері», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ, облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

Облыстық филармония сахнасына қонақтар ретінде шақырылған Роза Бағланова атындағы “Qazaqconcert”әртістері өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Олардың қатарында белгілі Қазақстандық солистер Әлішер Кәрімов пен Азамат Желтырғызов бар.