Марапатт

Марапатт

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің дипломдарымен марапатталды

Мәдениет және өнер қызметкерлері күнін мерекелеу шеңберінде мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің дипломдарымен СҚО әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының мемлекеттік қызметшілері Динара Беркүтәлімова мен Жанна Оспанова марапатталды.

Д.Ө.Беркүтәлімова басқармада тарихи-мәдени мұра және кітапханаларды қорғау бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді. Облыстың мәдени құндылықтарын сақтау және пайдалану, мұражай және кітапхана ісін дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға белсенді қатысады.

Ж.Қ. Оспанова басқарманың әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бас маманы қызметін атқарады. Ол жоғары кәсібилігімен, еңбекқорлығымен, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауымен ерекшеленеді. Әріптестерінің пікірінше, ол қызметтік міндеттерін орындау кезінде күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда жедел және дербес шешім қабылдай алады.

Департамент басшысының орынбасары А.Қ. Баймұқанов басқарма қызметкерлеріне қызмет атқаруға жауапкершілікпен қарағаны, тиімді еңбегі үшін алғысын білдіріп, оларға және мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат  басқармасының барлық ұжымына кәсіби қызметте одан әрі табыстар тіледі.