Құрметті әріптестер!
Сіздерді, 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!
Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн. Ал мәдениет қызметкерлері – айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт пен табыс және отбасыларыңызға құт-береке, аманшылық тілейміз!