
15 сәуір күні қасиетті Рамазан айында Ислам мәдениеті музейінің ашылуы өтті.
Ислам мәдениеті музейінің ашылуы рәсімінің құрметті қонақтары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сейпілұлы Сапаров және қоғам өкілдері қатысты.
Музей жұмысының негізі мақсаты - ғылыми - ағартушылық, ғылыми-зерттеу, баға жетпес жәдігерлерді жинау және оны көпшілікке таныту. Айтулы нысан аймақтағы мұсылмандықтың тарихын айғақтап, мәдениет саласына, тұрғындардың руханиятына зор үлесін қосады деп сенеміз.
Қасиетті Рамазан айында барлық игі тілектеріңіз қабыл болсын! Әр шаңыраққа береке-бірлік, мол ырыс тілейміз.