СҚО-да Мағжан Жұмабаевтің 130 жылдығын мерекелеу бастау алды

СҚО-да Мағжан Жұмабаевтің 130 жылдығын мерекелеу бастау алды

Ақпанның 15-і Ақан сері атындағы облыстық филармонияда белгілі жазушы, ақын, публицист, «Алаш» қозғалысы көшбасшыларының бірі Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді» республикалық мүшайраныңы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Конкурсқа 90-нан астам ақын қатысты, оның 9-ы Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.

Конкурстық жұмыстарды мына құрамдағы әділқазылар алқасы бағалады: Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет; ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы бойынша қалалық филиалының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы, «Егемен Қазақстан» газетінің Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі иегері Жақсыбай Самрат.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерейтой аясында жыл ішінде «Алаштың алдаспаны»ақындар айтысы, «Мағжанның маржан жырлары» Мағжан оқулары және т.б. бірқатар айтулы шаралар өткізіледі.

https://www.instagram.com/reel/CouVYLjoiSv/?utm_source=ig_web_copy_link