«City mall» сауда-ойын-сауық кешенінде орналасқан дәмхана, сауда, шаштараз және басқа да қызмет көрсету орындарына тіл заңнамасы талаптарын орындау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді

«City mall» сауда-ойын-сауық кешенінде орналасқан дәмхана, сауда, шаштараз және басқа да қызмет көрсету орындарына тіл заңнамасы талаптарын орындау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді

Ү. ж. желтоқсанның 1-і күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Ә. Қ. Ерметаев пен бас маман Ә. Т. Бимаханова Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Е. М. Қошқарбаевпен бірлесе отыра облыс орталығындағы «City mall» сауда-ойын-сауық кешенінде орналасқан дәмхана, сауда, шаштараз және басқа да қызмет көрсету орындарында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш кешендегі сауда және халыққа қызмет көрсету орындарының басшылары мен өкілдерімен кездесу барысында тиісті заңнамалардан үзінділерді қамтитын ақпараттық буклеттер таратылды, сондай-ақ анықталған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарының талаптарын бұзу фактілері көрсетіліп, оларды түзетуге уақыт белгіленді.