В СКО ОТКРЫЛИ НОВЫЙ ТЕАТР

В СКО ОТКРЫЛИ НОВЫЙ ТЕАТР

18 қараша күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Д. Абаев пен облыс әкімі Қ. Ақсақаловтың қатысуымен С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.

Олимпиада чемпионы, қазақстандық кәсіпқой велошабандоз Александр Винокуров, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Канн кинофестивалінің ең үздік әйел рөлінің жеңімпазы Самал Еслямова, көрнекті скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек ері» Айман Мұсохаджаева, генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Абай Тасболатов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан және т. б. құрметті қонақтарымыз ашылу салтанатына қатысты.

Қойылым басталар алдында Дәурен Абаев солтүстікқазақстандықтарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау оқып, бұл шараның маңыздылығын жеке өзі атап өтті.

Салтанатты ашылу С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» туындысының негізінде қойылған «Шоқан» тарихи драмасын көрсетумен жалғасты.

Жаңа театр ғимараты мен театр сахнасы жаңа технологиямен жабдықталған. Жарық пен дыбыс заманауи стильде жасалған, сахна кеңістігі ұлғайтылған. Көрермен орындары 500-ге көбейтілген. Театрдың дизайны көрерменге ерекше атмосфера сыйлайды.

Алдағы уақытта жаңа театр сахнасында Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» тарихи драмасы, Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Шолпанның күнәсі» драмасы, Д. Исабековтың «Өйтпесе Мағжан бола ма?» қойылымы мен басқа да қойылымдар сахналанып, көрерменге жол тартпақ.

https://www.instagram.com/reel/ClG6-rVITjQ/?utm_source=ig_web_copy_link