Сауда үйлерге тіл заңнамасы талаптарын орындау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді

Сауда үйлерге тіл заңнамасы талаптарын орындау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді

Ү. ж. қарашаның 15-16 аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Ә. Қ. Ерметаев және басқарманың бас мамандары Ә. Т. Бимаханова, Н. Д. Жамантаев Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Е. М. Қошқарбаевпен бірлесе отыра облыс орталығындағы бірқатар сауда үйлерінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әдістемелік көмек көрсету жұмыстарымен «Магнум», «Северный», «Таткрафт» ЖШС, «Aimer» сауда жүйелері және «Пирамида» сауда үйі қамтылды.

Аталмыш сауда мекемелерінің басшылары мен өкілдерімен кездесу барысында тиісті заңнамалардан үзінділерді қамтитын ақпараттық буклеттер таратылды, сондай-ақ сауда орындарында анықталған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарының талаптарын бұзу фактілері көрсетіліп, оларды түзетуге уақыт белгіленді.