Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді еліміздің басты мерекесі - Республика күнімен құттықтаймыз.

​Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлытауда өткен құрылтайда Республика күніне Ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынғаны белгілі.

Бұл – егемен еліміз үшін аса маңызды шешім саналады.

Себебі, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданған болатын.

Біздің ата-бабамыз еркіндікті, егемендікті аңсап өтті.

Алаш ардақтыларының арманына айналған осынау күннің қадір-қасиетін түсінуді болашақ ұрпаққа насихаттау – біздің міндетіміз.

Қадірлі ағайын!

Еркіндіктің бастауы болып табылатын салтанатты күні баршаңызға игілік пен бақыт, бақ — дәулет, ырыс-береке, елімізге бейбітшілік тілейміз.

Еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Мереке құтты болсын!