"Көрпе Fest" фестивалі

"Көрпе Fest" фестивалі

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Ғани Нығметовтың қатысуымен "Көрпе Fest" Халықаралық Мега фестивальдiң салтанатты ашылуы өттi қатысты. "Көрпе Fest-2022" Мега фестивалi ұлттық салт-дәстүрлердi дәрiптеуге, Ұлы Даланың ежелгi өнерiн сақтауға және жаңғыртуға бағытталған.

Жоба авторы, елiмiзде және шет елдерде танымал этнодизайнер, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденiнiң кавалерi, "Алтын орда" авторлық дизайн үйiнiң негiзiн қалаушы, "Аманат" сыйлығының құрметтi елшiсi, "Бақытты отбасы" республикалық орталығының жетекшiсi Ырза Тұрсынзада.

Фестиваль ауқымы бойынша Халықаралық болып табылады, тегiн семинар-тренингке қатысуға облыстың барлық аудандарынан, Петропавл қ.және РФ шекаралас облыстарынан 100-ден астам адам ниет бiлдiрдi.