Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы

Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы

Бүгін Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастырумен Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті. 

Оған аудандық, қалалық кезендердің 11 жеңімпазы қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша Жанель Айтқожа (Петропавл қаласы) 1-орынға, Қазыбек Кәрім (Ғ.Мүсірепов атындағы аудан) 2-орынға, Мадина Түлетаева (Айыртау ауданы) 3-орынға ие болды.

Сонымен қатар «Проза шебері» номинациясы бойынша Гүлмира Алет (Қызылжар ауданы), «Көркемсөз шебері» номинациясы бойынша Ақерке Шадетхан (Тайынша ауданы) және «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша Ділдабекова Ұлмекен (Мамлют ауданы) марапатталды.

Байқау жеңiмпаздарына, қатысушыларына дипломдар және естелiк сыйлықтар табыс етiлдi.