Бiлiм беру және спорт мекемелерiне қазақ зиялыларының есiмдерi берiлдi

Бiлiм беру және спорт мекемелерiне қазақ зиялыларының есiмдерi берiлдi

Ал, ендi жағымды жаңалыққа кезек берейiк. ҚР Үкiметiнiң қаулысына сәйкес Петропавлдағы 25-шi орта мектепке Әлихан Бөкейхановтың, 9-шы орта мектепке Ахмет Байтұрсыновтың, 2-шi орта мектепке Смағұл Сәдуақасовтың және ұлттық спорт түрлерi бойынша спорт мектебiне Қажымұқан Мұңайтпасұлының есiмдерi берiлдi.

Естерiңiзге сала кетсек, өңiр белсендiлерi ел Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына орай былтыр желтоқсан айында облыстық мәслихат отырысында қазақ зиялыларының есiмдерiн мекемелерге беру туралы ұсынысты жасаған едi. Бастама депутаттар тарапынан қолдау тауып, тиiстi құжаттар республикалық ономастикалық комиссия қарауына жолданды. Жалпы, өңiрде идеологиялық тұрғыдан ескiрген елдi мекен және олардың құрамдас бөлiктерiн тарихи атауларымен өзгерту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасып келедi.

ДОСБОЛ ӘБДIРИСОВ, СҚО МӘДЕНИЕТ, ТIЛДЕРДI ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ IСI БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

— Сонымен қатар наурыз айында бiз өзiмiзiдң облыстық ономастикалық комиссиясында облысымыздың белгiлi тұлғаларының есiмдерiн беру бойынша ұсыныс қаралған.Бiр ауыздан қолдау тапты. Айтып өтске, мәдениет және бiлiм нысандарына Жамбыла уданындағы кiтапхана С.Шәймерденовтың, Шал ақын ауданындағы Сергеевка орта мектебiне К.Салықовтың, Қызылжар ауданы Новоникольск ауылындағы мектепке Геннадий Зенченконың есiмiн беру туралы.

https://petropavltv.kz/ru/news/society/uchrezhdeniyam-obrazovaniya-i-sporta-prisvoeny-imena-kazahskoi-intelligencii