2021 жылдың 1 тоқсанына СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын мерекелеу бойынша ақпарат

2021 жылдың 1 тоқсанына СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын мерекелеу бойынша ақпарат

Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу аясында негізгі іс-шаралар жоспары әзірленді. Оған 70-тен астам түрлі форматтағы қоғамдық-маңызды іс-шаралар енгізілді.

Жамбыл Жабаев — халық поэзиясының данышпаны, халық шығармашылығының сарқылмас байлығының иесі. Оның шығармалары ауызша поэтикалық шығармашылықты қазіргі заманғы сөз өнерімен үйлестіре отырып, бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Мәдениет мекемелерінде 75-ке жуық іс-шара жоспарланған, оның ішінде Көкшетау, Қостанай, Қарағанды қалаларының қатысушыларымен «Жыр алыбы Жамбыл» облыстық және өңірлік ақындар айтысы; «Халық менің шын атым», «өлең айт менің домбырам» театрлық қойылымдарын көрсету; көркем оқу шеберлігі бойынша мәнерлеп оқу конкурстары; суырып салма әншілердің «Ұлы дала жыршысы» әдеби-музыкалық кештері; халық өнері бойынша онлайн-концерттер, мұражай сабақтары мен кітап көрмелерінің сериялары «шоқтығы биік тұлға» және т.б.

Барлық білім беру мекемелерінде 120-дан астам білім беру – ағарту іс-шаралары жоспарланған, оның ішінде «Жамбыл Жабаев – «Ұлы даланың халық ақыны» конференциясы, «Оқу мектебі» жобасы, «Жамбыл Жабаев күні» мәнерлеп оқу конкурсы, ашық сабақтар, ақын шығармалары бойынша сурет конкурстары.

Спорт мекемелерінде жастар арасында ұлттық спорт түрлері (асық ату, армрестлинг, тоғызқұмалақ және т.б.) бойынша облыстық жарыстар өтеді.

Облыста Ұлы ақынның есімімен — 1 аудан, 1 ауылдық округ, 3 ауыл, 44 көше және 2 мектеп аталған. Олар бойынша белгілі ақын Жамбыл Жабаевтың есімімен аталатын нысандар мен көшелерді абаттандыру және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Мерейтойлық жылды мерекелеу қарсаңында қала мектептерінің, МТК, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің оқушылары мен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері үшін ақынның шығармашылық мұрасын насихаттауға бағытталған мәдени-ағарту іс-шаралары ұйымдастырылды,оның ішінде: оқушылардың қатысуымен «даланың ұлы ақыны» конференциясы (17 ақпан ОӘҒК), Жамбыл Жабаевтың «ленинградтықтар дети мои» өлеңіне 80 жыл – «Жамбыл поэзиясының інжу-маржаны» тарих сағаты (10 ақпан ОӘДК), «Қаламгер» клубы мүшелерінің, ардагерлердің, студенттердің, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұлы дала жыршысы» әдеби кеші (26 ақпан ОӘҒК) және т.б.

А.ж. қаңтар айынан бастап С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Жүз жыл жырланған жүрек» атты кітап-иллюстрациялық көрмесі ұйымдастырылды, онда Жамбыл өлеңдерінің кітаптары, кітапхана қорынан ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы басылымдар, ақынның бай шығармашылық мұрасына қатысты басқа да материалдар, оның ішінде 30-шы, 40-шы, 50-ші, 60-шы жылдары Мәскеуде, Қазақстанда жарық көрген ақынның сирек кітаптары ұсынылды.

А.ж. 26 ақпанда мерейтой жылы ресми түрде бастау берілді, облыс орталығында және аудандарда шығармашыл зиялы қауым мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Жамбыл Жабаев бюстінің жанына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

А.ж. 2 ақпаны мен 2 наурызы аралығында «Тыңда, дала, Жамбылды!» 31 адам қатысқан әлеуметтік аккаунттар арқылы. Қатысушылар өздерінің Instagram парақшаларында Ж.Жабаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу арқылы бейнематериалдарын көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар, алғыс хаттар мен кітаптар табыс етілді.

20 наурыз күні Н.Погодин атындағы облыстық театрда ақын, жырау, Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Шал ақын, Айыртау, Есіл, Қызылжар, Мамлют, Жамбыл аудандарынан және Петропавл қаласынан келген ақындардың қатысуымен облыстық «Өлең сөздің даңқы, бар қазақтың Жамбылы» ақындар айтысы өтті. Сонымен қатар, халықты кеңінен қамту мақсатында «Қызылжар» телеарнасы Наурыз мейрамында айтыстың телевизиялық нұсқасының трансляциясын жүргізді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі жүлделі орындар берілді:

  • Бас жүлде — Мұхамед Конкаев (Айыртау ауданы)
  • 1 орын – Нұрислам Абдил (Петропавл)
  • 2 орын — Жұмабек Рахимов (Есіл ауданы)
  • 3 орын — Абзал Жұмабек (Есіл ауданы)

Кәкімбек Салықов атындағы арнайы сыйлық — Аманжол Зағыпар (Қызылжар ауданы)

Ерік Асқаров атындағы арнайы сыйлық — Дияс Аяған (Қызылжар ауданы)

Зейнолла Әкімжанов атындағы арнайы сыйлық — Ақтілек Қайымхан (Петропавл)

Мағжан Жұмабаев атындағы арнайы сыйлық — Дамир Амангелді (Петропавл)

А.ж. 9 сәуірінде Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық конкурсын ұйымдастырды, оған 18-29 жас аралығындағы аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты. Іс-шара барысында Жамбылдан үзінділер немесе ұлы ақынға арналған жеке шығармалар орындалды.

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларды іске асыру ұрпақтар арасындағы үздіксіз байланысты қолдауға және қазақстандық қоғамның шоғырлануына ықпал етеді.

Солтүстік Қазақстан облысында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу бойынша облыстық жоспар