«Бiз оқуға сән жариялаймыз!»

«Бiз оқуға сән жариялаймыз!»

С.Мұқанова атындағы облыстық әмбебап ғылыми кiтапханасы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгi жариялаған «Қазақстандағы балалар мен жасөспiрiмдер оқуын қолдау жылы» аясында «поэтикалық автобус» акциясын iске қосты.

«Бiз оқуға сән жариялаймыз!» акциясы балалар мен жасөспiрiмдердi, ересектердi әдебиет әлемiне жақындауға шақыратын 23 сәуiр — Дүниежүзiлiк кiтап және авторлық құқық күнiне орайластырылды.

Бұл күнi балалар, студенттер, ақындар, жас актерлар өздерiнiң өлеңдерi мен сүйiктi авторларының өлеңдерiн мәнерлеп оқыды, викториналарға қатысты, сыйлық ретiнде кiтаптар, бетбелгiлер мен визиткалар берiлдi.