«Поляктарды Солтүстiк Қазақстанға күштеп көшiру» Конференциясы

«Поляктарды Солтүстiк Қазақстанға күштеп көшiру» Конференциясы

2021 жылғы 13 сәуiрде Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк архивiнiң оқу залында Польшаның Витольд Пилецкий атындағы ынтымақтастық және ерлiк институтымен бiрлесiп «Поляктарды Солтүстiк Қазақстанға күштеп көшiру» халықаралық онлайн-конференциясы өттi.

Конференция жұмысына тарих докторы, Ш. Уәлиханов атындағы ҚМУ құрметтi профессоры, Гданьск қаласындағы екiншi дүниежүзiлiк соғыс мұражайының ғылыми бөлiмiнiң бас маманы Дмитрий Панто, Ежи Рогозинский — тарих докторы, Пилецкий институтының ғылыми бөлiмiнiң бас маманы, Корнева В.Ю. — Солтүстiк Қазақстан облыстық "Коперник" поляк мәдени орталығы төрағасының орынбасары, Абуов Н.А. — тарих ғылымдарының кандидаты, М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан университетiнiң "Қазақстан тарихы және әлеуметтiк-гуманитарлық пәндер" кафедрасының меңгерушiсi және т.б. қатысты.

«Халықтарды Солтүстiк Қазақстанға депортациялау» көрмесiнде арнайы қоныс аударушылар туралы фотоматериалдар мен аса құнды архивтiк құжаттар ұсынылды.