Болат Сағындықтың 85 жасқа толу мерейтойына орай «Ел ардақтысы» атты шығармашылық кездесу

Болат Сағындықтың 85 жасқа толу мерейтойына орай «Ел ардақтысы» атты шығармашылық кездесу

2021 жылдың 13 сәуiрi күнi Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кiтапханада «Память» қоғамдық қорының төрағасы, Солтүстiк Қазақстан облысының құрметтi азаматы, ақын Болат Сағындықтың 85 жасқа толу мерейтойына орай шығармашылық кездесу және «Өмiр белестерi», «Мемориал», «Үзiлмес үмiт» кiтаптарының тұсаукесерi өттi.

Шараға зиялы қауым өкiлдерi, ардагерлер, журналистер, мерейтой иесiнiң туыстары қатысты.

Облыс әкiмiнiң орынбасары Ғани Нығыметов мерейтой иесiн 85 жасқа толуымен облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың атынан құттықтап, құттықтау адресi мен Сәбит Мұқановтың екi томдық «Аққан жұлдыз» кiтабын табыс еттi.

Кiтаптардың тұсаукесер рәсiмiн облыс әкiмiнiң орынбасары Ғани Нығыметов, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дiң профессоры Зарқын Тайшыбай, облыстық iшкi саясат басқармасының басшысы Кемел Оспанов жасады.

Шараға қатысқандар «Ел ардақтысы» атты кiтап көрмесiн тамашалады.