Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы ежелгi заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз Шығыс халықтарының арасында көктем мейрамы ретiнде тойланады. Мерекеге арнап жетi түрлi дәннен наурыз көже дайындалады.Дәстүрлi ұлттық ойындар: көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, тағы басқа ойындар ойналады.

Өткен дәстүрдi жалғастыра отырып, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, тiлдердi дамыту және архив iсi басқармасы «Наурыз. Мерекелеу дәстүрi» челленджiн Абылай хан резиденциясы мұражай кешенiне жолдайды.