«Балалар мен жасөспiрiмдер оқуын қолдау жылы»

«Балалар мен жасөспiрiмдер оқуын қолдау жылы»

2021 жылғы 16 наурыз күнi Ғ. Мүсiрепов атындағы облыстық балалар мен жасөспiрiмдер кiтапханасында «балалар мен жасөспiрiмдер оқуын қолдау жылы» бастау алды.

Iс-шараның негiзiнде ойын аймағынан, шығармашылық аймағынан және демалыс аймағынан тұратын «Өнерлi өркен» балалар шығармашылығы залының ашылуы жатыр.

Мерекелiк бағдарламаға: «Алуа» халықтық би ансамблi, «Айналайын» үлгiлi-музыкалық тобы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Құбайдолла Байымбет, Шаяхметов Iлияс, Бейбiт Әнел, Мұстафина Айлин, Бекиш Мадина қатысты.

Балалар жазушысы Оксана Сергеевна Ефремова да тiлектерiн бiлдiрiп, альманах журналының жаңа шығарылымдарын ұсынды.

Iс-шара соңында «балаға кiтап сыйла» акциясы өттi «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы» КММ тәрбиеленушiлерi үшiн.