www.egov.kz "Электрондық үкiмет", www elicense.kz порталдар немесе "Е-әкiмдiк" ақапарттық жүйесi арқылы мемлекеттiк қызметтердi электрондық түрде қалай алуға болады?

www.egov.kz "Электрондық үкiмет", www elicense.kz порталдар немесе "Е-әкiмдiк" ақапарттық жүйесi арқылы мемлекеттiк қызметтердi электрондық түрде қалай алуға болады?

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, тiлдердi дамыту және мұрағат iсi басқармасы мемлекеттiк қызметтердiң келесi түрлерiн жүзеге асырады:

1. "Мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн немесе мұрағаттық үзiндiлер беру" мемлекеттiк қызметi Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекiтiлген Ережеге сәйкес көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны-электрондық немесе қағаз түрiнде. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi, "Азаматтарға арналған үкiмет "мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы, "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы көрсетiледi www.egov.kz.

2. "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру" мемлекеттiк қызметi Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекiтiлген Ережеге сәйкес көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). Мемлекеттiк қызмет "электрондық үкiметтiң" Веб-порталдары арқылы көрсетiледi www.egov.kz, www.elicense.kz.

3. "Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттiк қызметi Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2020 жылғы 26 мамырдағы № 149 бұйрығымен бекiтiлген Ережеге сәйкес көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара)/қағаз түрiнде. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi және "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы көрсетiледi. www.egov.kz, www.elicense.kz.

4. "Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (Үлгiлi) атағын беруге өтiнiмдер қабылдау" мемлекеттiк қызметi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2007 жылғы 28 наурыздағы N 93 бұйрығымен бекiтiлген Ережеге сәйкес көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрiнде. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi және "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы көрсетiледi. www.egov.kz, www.elicense.kz.