
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев, тарихшы ғалымдар, ардагерлер ұйымдарының, зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен жастар қатысты.
Конференция барысында белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған, Солтүстік Қазақстан облыстық архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Мәлікова, тарих ғылымдарының кандидаты Зилиха Бимақанова, «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің ғылыми қызметкері Әлия Хаймолдина және Ислам мәдениеті музейінің директоры Мұрат Әміржанов баяндама жасап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Қатысушылар Алтын Орданың тарихи маңызы, мемлекеттілік сабақтастығы, тарихи жадыны сақтау және ұлттық мұраны жас ұрпаққа жеткізу мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ конференция аясында Солтүстік Қазақстан облыстық архиві дайындаған «Алтын Орда мұрасы: Жошы ұлысынан Абылай хан дәуіріне дейін» атты тақырыптық көрме ұсынылды.