«Көрнекі ақпарат – қала айнасы» акциясы

«Көрнекі ақпарат – қала айнасы»  акциясы

Қазақстан халқының тілдері күніне орай ағымдағы жылдың 11–14 қыркүйек аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Петропавл қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі,  «Рух Тіл Жаңғыру» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп,  «Көрнекі ақпарат – қала айнасы» атты акция өткізді.

Акцияның басты мақсаты – бизнес саласында мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпаратты сауатты әрі қолданыстағы талаптарға сәйкес ресімдеудің маңыздылығын түсіндіру, мемлекеттік тілдің қоғамдық ортадағы қолданыс аясын кеңейту.

Акция барысында бекітілген жоспарға сәйкес Петропавл қаласының Жұмысшылар кенті шағын ауданы кәсіпкерлік нысандары мен қаламыздың қоғамдық көліктеріне  тіл заңнамасының талаптары түсіндірілді. Кәсіпкерлерге маңдайшалар, жарнамалық және ақпараттық жазбаларды мемлекеттік тілде сауатты, дұрыс  ресімдеу жөнінде әдістемелік көмек көрсетілді.