2020 жылдың 22 қараша күнi Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк архивiнде Тұңғыш Президент күнiне арналған «Ел қолдаған Елбасы» атты онлайн конференция өттi.
Онлайн конференцияға «Егемен Қазақстан» газетiнiң тiлшiсi — Жақсыбай Самрат, М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан университетiнiң «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушiсi, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент — Гривенная Л.А., СҚМА аудандық филиалдарының директорлары қатысты.
Конференцияда елбасының өмiрi мен еңбек жолына қатысты фотоқұжаттар, видеоқұжаттар, мақалалар, сонымен қатар, онлайн конференцияға қатысушылардың назарына Н.Ә. Назарбаевтың Солтүстiк Қазақстан облысына келген кездегi (1990-2018 жж.) бiрегей құжаттары ұсынылды.