
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында мемлекеттік тілдің қазақстандық қоғам бірлігін нығайтудағы рөлін арттыру, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтіндерін сауатты ресімдеуді насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және осы бағытта белсенділік танытып жүрген азаматтарды ынталандыру мақсатында 2026 жылғы 24 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқауға квазимемлекеттік сектор, бизнес өкілдері, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілері, сондай-ақ заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, оларды түзету жұмыстарына белсенді атсалысып жүрген азаматтар қатысты.
Байқау «Үздік кәсіпкерлік субъектісі», «Үздік тауар өндіруші» және «Үздік тіл жанашыры» атты үш номинация бойынша ұйымдастырылды.
12 қатысушыдан барлығы 205 материал келіп түсіп, олардың арасынан әр номинация бойынша үздік үш орын анықталды.
Байқау жеңімпаздары:
«Үздік кәсіпкерлік субъектісі» номинациясы бойынша:
I орын – «Қасымова» ЖК (Тимирязев ауданы);
II орын – «Lashyn Hall» мейрамханасы (Ақжар ауданы);
III орын – «Рахмет» ЖК (Есіл ауданы).
«Үздік тауар өндіруші» номинациясы бойынша:
I орын – «Зенченко и К» КС;
II орын – «Грейт Шоп» ЖШС («Семейный» сауда желісі);
III орын – «Пересвет» ЖК (Айыртау ауданы).
«Үздік тіл жанашыры» номинациясы бойынша:
I орын – Чупалаева Патимат Ахмедхановна;
II орын – Ершов Денис Викторович;
III орын – Сәлімов Жасұлан Белгібайұлы.
Байқауға белсенді қатысып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және жарнамадағы тіл тазалығын сақтауға үлес қосқан:
Тоқпан Әнуар Бердібекұлы; «North River» ЖШС («Достық Молл ойын-сауық орталығы»); «Lease Realty Group» ЖШС («Рахмет» сауда орталығы) ынталандыру жүлделерімен марапатталды.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар, алғысхаттар және ақшалай сертификаттар табысталды. Облыстық кезеңде жүлделі орынды иеленген жеңімпаздардың жұмыстары республикалық байқауға жолданатын болады.