Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңі

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңі

Маусымның 17-сі Солтүстік Қазақстан облысының орталығында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты ұлт ұстазы, қазақ тілі ғылымының негізін қалаушы, ағартушы, ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-педагогикалық мұрасын жалғастыру, ересектерге мемлекеттік тілді оқыту саласында жүрген үздік оқытушыларды анықтау, кәсіби шеберліктерін шыңдау және өзара тәжірибе алмасу болды.
Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өзін және өзінің әдістемесін таныстырды. «Әдіскерлер мұрасы» кезеңінде отандық және шетелдік танымал әдіскерлердің тілді тиімді оқыту бойынша әдіс-тәсілдері, пікірлері туралы сұрақтарға жауап берді. «Әдістемелік шеберлік» деп аталған кезеңде оқытушылар В2 деңгейіне арналған панорамалық сабақ үлгісін көрсетті.
Тиімді әдіс-тәсілдерін ғана емес, ойын жүйелі жеткізе білген Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Еркежан Жоламан бірнші орынға ие болды. Екінші орынды Қызылжар ауданының намысын қорғап келген, жасанды интеллектті ұтымды пайдалана білген Дина Румова иеленді. Әділ қазылар алқасының шешімімен үшін орынға Тілдерді оқыту орталығының әдіскері - Зарина Ақмағамбетова лайық деп танылды. Барлық қатысушыларларға диломдар мен алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.