Тіл заңнамасы нормаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында «Сауатты көрнекі ақпарат-біздің ортақ ісіміз» атты ауқымды жобасы бастау алды

Тіл заңнамасы нормаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында «Сауатты көрнекі ақпарат-біздің ортақ ісіміз» атты ауқымды жобасы бастау алды

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы  «Халықаралық Қазақ тілі »  қоғамымен бірлесе отырып,  тіл саясатын түсіндіру, кәсіпкерлік саласында көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде тіл заңнамасы нормаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында «Сауатты көрнекі ақпарат-біздің ортақ ісіміз» атты акциясын өткізуде.

Ү.ж. сәуір айынан бастау алған  акция барысында облысымыздың бірнеше сауда орындары, демалыс нысандары, тамақтану орындары қамтылады.  Аталмыш акция аясында облыс орталығының 10 көшелерінің, 4 аудан орталықтарының  400-ден астам бизнес нысандарына  әдістемелік көмек көрсетіліп,  «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңнама нормаларының сақталуы жайлы ақпарат жеткізіледі.