
3 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұловтың төрағалығымен «QYZYLJAR SABANTUI – 2026» татар халық мерекесін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.
Отырыс жұмысына Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Дүниежүзі татар конгресі Ұлттық кеңесінің төрағасы Василь Шайхразиев бастаған Татарстан Республикасының ресми делегациясы, сондай-ақ өңірдің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қатысушылар 2026 жылғы 25–26 шілде күндері Петропавл қаласында өтетін халықаралық этномәдени мерекеге дайындық барысын талқылады. Мәдени, спорттық және іскерлік іс-шараларды ұйымдастыру, мерекелік алаңдарды абаттандыру және қонақтарды қабылдау мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың негізгі бағыттары айқындалып, мерекені жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге дайындық расталды.