ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бірінші вице-министрі Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында өңір тұрғындарымен, үкіметтік емес ұйымдар, жастар және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесулер өтті. Кездесулер барысында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, азаматтық қоғамды дамыту, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, сондай-ақ мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту мәселелері талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша өңірді одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар қаралып, өзара іс-қимылдың алдағы бағыттары айқындалды.