
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов театрға арнайы барып, ұжымды театр маусымының табысты аяқталуымен құттықтады. Өңір басшысы театр әртістерінің облыстың мәдени өмірін дамытуға қосып жүрген елеулі үлесін атап өтті.
Маусымның жабылуы аясында театр сахнасында Антон Чехов шығармаларының желісі бойынша қойылған «Шутки» спектаклі көрермен назарына ұсынылды. Қойылым шығармашылық маусымның жарқын қорытындысына айналып, көрермендерге классикалық драматургияның ерекше атмосферасы мен шынайы әсер сыйлады.
Театр маусымының қорытындылануы мәдени қауым үшін маңызды оқиға болды. Бұл театр ұжымының жоғары кәсіби деңгейін және көрермендердің театр өнеріне деген тұрақты қызығушылығын тағы бір мәрте айқындады.