«№12 орта мектеп» КММ оқушылары арасында Мемлекеттік қызмет құндылықтарын ілгерілету және ерте кәсіби бағдар беру туралы

«№12 орта мектеп» КММ оқушылары арасында  Мемлекеттік қызмет құндылықтарын ілгерілету және ерте кәсіби бағдар беру туралы

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде мемлекеттік қызметтің құндылықтарын ілгерілету және оқушылар арасында ерте кәсіби бағдар беру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында КММ «№12 орта мектепте» СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы қызметкерлері «Қазақстандағы мемлекеттік қызмет: миссиясы мен құндылықтары» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушыларға мемлекеттік қызметтің қоғам мен мемлекеттің дамуындағы рөлі, оның негізгі қағидаттары, миссиясы мен кәсібилік, жауапкершілік және ашықтық сияқты басты құндылықтары туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында мамандар мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері, үміткерлерге қойылатын талаптар, мансаптық өсу перспективалары, сондай-ақ болашақ мамандықты саналы түрде таңдаудың маңыздылығы туралы жан-жақты айтып берді.

Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпарат алуға қызығушылық танытты.

Осы іс-шараларды өткізу жастардың кәсіби бағдарын тиімді қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және өскелең ұрпақтың мемлекеттік қызметке деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.