Креативті индустрияларды дамыту қорының делегациясы Qyzyljar Creative Center-ге жұмыс сапарымен барды

Креативті индустрияларды дамыту қорының делегациясы Qyzyljar Creative Center-ге жұмыс сапарымен барды

Креативті индустрияларды дамыту қорының өңірлік даму жөніндегі басқарушы директоры Ерлан Каналимов және Өңірлік бағдарламалар мен ынтымақтастық департаментінің директоры Азамат Ахмеджанов Qyzyljar Creative Center орталығына барды.
Сапар барысында қонақтар орталықтың тұжырымдамасымен, негізгі бағыттарымен және жүзеге асырылып жатқан жобаларымен танысты. Сондай-ақ өңірдің креативті қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізді.