2020 жылдың 15 қазанында СҚО әкiмдiгiнiң мәдениет, тiлдердi дамыту және архив iсi басқармасы басшысының орынбасары З.Т. Нұрмұқанованың, СҚО әкiмi аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттiк қызметтер бас маманы Ю.М. Мигачеваның, Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк архивiнiң директорының орынбасары Н.У. Мұхамедьярованың қатысуымен облыстық архив филиалдарының Аққайың, Есiл, Мамлют, Тимирязев аудандары, М.Жұмабаев ауданы филиалдарында iшкi бақылау жүргiзу қорытындысы бойынша "Архивтiк анықтамалар немесе архивтiк үзiндiлердiң көшiрмелерiн беру" мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы заңнаманы сақтау мәселесi бойынша онлайн-семинар өткiзiлдi.
Семинарда "Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру", "Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерi немесе архивтiк үзiндiлер беру "мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi", "сараптау-тексеру комиссиясының 2020 жылдың 9 айындағы қорытындысы" тақырыптары қарастырылды.
Семинар қорытындысы бойынша архив саласының қызметкерлерiне жұмысты жақсарту және Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар берiлдi.