Ағымдағы жылғы маусымның бесі Солтүстік Қазақстан облысында басшылық қызметтегі тұлғалар мен көшбасшылыққа ұмтылатын жандарға арналған «Сөйлеу этикеті» клубының ашылуы өтті. Тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған шара С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өтті.
Клубтың ашылуына облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Досбол Әбдірейісов қатысып, жобаның маңыздылығын атап, клубтың жұмысына сәттілік тіледі. Клубтың мақсаты: қазақ тілін еркін меңгеруге ұмтылатын басшылардың тілдік қабілеттерін дамыту, ресми және бейресми жағдайда сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорын байыту, көпшілік алдында сенімді, әрі әсерлі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.