«Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» республикалық байқауының облыстық кезеңін марапаттау рәсімі

«Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» республикалық байқауының  облыстық кезеңін марапаттау рәсімі

2025 жылғы маусымның 4-і күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тарапынан «Qyzylzhar Creative Center» креативті индустрия орталығында мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау жұмыстарын жандандыру, мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аударту, мемлекеттік тілдің өзекті мәселелеріне арналған мақалалар, бағдарламалар арқылы отандастарымыздың танымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Байқау қорытындысы бойынша: «Үздік мақала» номинациясы бойынша І орынды «Qyzyljar nury» қалалық газетінің аға тілшісі Самрат Құскенов, ІІ орынды Жамбыл ауданы "Ауыл арайы" газетінің бас редакторы - "Сельская новь" газетінің бас редакторының міндеттерін атқарушы Игілік Қайырбайұлы Рахмет,  ІІI орынды М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Журналистика» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі, «ҚР Журналистер одағы» ҚХА Журналистер клубының мүшесі

Диляра Файзолловна Сейдахметова иеленді.  «Үздік теле және радиобағдарлама» номинациясы бойынша І орынды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Солтүстік Қазақстан облысы филиалының төрағасы Жанат Қабдолрақымұлы Мұхамеджанов, ІІ орынды «Муниципалды теле-радио арнаның» тілшісі Нұрасыл Ержанұлы Ахмет иеленді. марапатталды.

Қалған қатысушылар алғысхаттармен марапатталды. Байқау қатысушыларына диплом мен сыйлықтар табысталды.