«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңі

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңі

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан халқының бірлігі күніне және Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай  мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту мақсатында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауының  облыстық кезеңін өткізді. 

Байқауға мемлекеттік тілді жетік меңгерген әскери қызметшілер, күш құрылым органдарының қызметкерлері қатысты. Үміткерлер байқау ережесіне сәйкес 4 кезең бойынша бақтарын сынады. 

Іс-шара қатысушыларына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Республикалық кезеңге бас жүлде иегері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясының Тыл кафедрасының оқу зертхана бастығы Асматулаев Зульяр Шахимович жолдама алды.