Мира бiрiншi өткелi көшесi, 18 мекенжайы бойынша орналасқан
Қаланың батыс шетiнен алыс емес жерден Поляков Иосиф Васильевич бұрыңғы байдың мекенiн (үйiн) сатып алған болатын (мекенi Уали-ханға тиесiлi болған мүмкiн). Бұл аумақта 1905 жылы немiс және швейцарлық машиналар мен механизмдерден жабдықталған кiрпiштi диiрмен салынған. Ол 1907 жылы жұмыс iстей бастады. Кеңес уақытында ғимарат мемлекет меншiгiне айналған және №8 диiрмен зауытына берiлген. 1948 жылдан бастап ғимаратта қара темекi фабрикасы орналасты. 1955 жылы ескi диiрменнiң ғимараты №2 iс тiгетiн фабрикасына берiлдi, кейiн «Комсомолка» фабрикасымен бiрлескен. Ғимаратты бұрыңғы «Комсомолка» фабрикасының техникалық бөлмелерiне жататын заманауи құрылыстар жалғастырған.
Бастапқы нұсқада фабриканың негiзгi ғимараты 23,5*8,2 м жалпы мөлшерiлерiмен тiкбұрышты кiрпiштi ғимараты болған. Кейiн оған сансыз қойма мен қосымша бөлмелер тұрғызылған. Iргетасы кiрпiштен жасалған, ленталық, жабыны — ағаштан жасалған, бөренеден, шатыры — темiрден жасалған, ағаш торлама бойынша.
Ұзына бойғы қасбеттерде сопақ пiшiнде терезе ойықтары сыртқы қабырғаның жалпағының, сатының және сансыз үй төбесiндегi терезелердiң сыртынан шығады.
Ғимарат көпестiк шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгiсi, 19-20 ғғ басында шет аймақты көпес қаласының жоспарлы кiрпiштi құрылысқа сауда және қызметтiк сипаттамасы және қаланың сәулет мұрасы болып табылады.
Мәлiметтер Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық мәдениет басқармасында, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнде, Петропавл қаласының әкiмдiгiнде және Қазақстан Республикасы әдiлет минитрлiгiнiң Тiркеу қызметi Комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойыша жылжымайтын мүлiк орталығында сақталады.
Ғимарат облыстық атқару комитетiнiң шешiмi (11.12.1980 ж. № 501) және Петропавл қаласының атқару комитетiнiң шешiмi (18.03.1982 ж. №115) бойынша қорғауға алынған.