Меню

Страницы

Статья

Мағжан Жұмабаев атымен байланысты нысаңдар

Мағжан Жұмабаевтың ескерткiш тасы

Мағжан Жұмабаев атындағы аудан, Молодежная мекенiнен 2 км жерде 1993 жылы Мағжан Жұмабаевтың 100 жылдығына орай орнатылды.

Мағжан Жұмабай (Әбiлмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстiк Қазақстан облысы, қазiргi Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы — 19 наурыз 1938, Алматы) — Алаш қозғалысының қайраткерi, ақын, қазақ әдебиетiнiң жарқын жұлдызы өкiлi.Атасы — Жұмабай қажы. Әкесi Бекен саудамен айналысқан дәулеттi адам болған. Анасының есiмi — Гүлсiм. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешiт жанында белгiлi татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М. Бегишевтiң ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәрiс алды, қазақ, татар әдебиеттерiн, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секiлдi шығыс ақындарының дастандарын оқып үйрендi.

Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерiн оқып, «Атақты ақын, сөзi алтын хакiм Абайға» деген өлең жазды. 1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесiнде бiлiм алды. Онда татар жазушысы Ғ. Ибрагимовтен дәрiс алып, белгiлi қайраткер С. Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнектi жазушы Б. Майлинмен танысады.

Ибрагимовтiң көмегiмен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрiмовтер баспасында «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. «Садақ» журналын шығаруға қатысады, оған өзiнiң өлеңдерiн жариялайды. 1913-1916 жылдары Омбы мұғалiмдер семинариясында оқыды.

1917 жылы Ақпан төңкерiсiнен кейiн қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмiрге белсенеараласып, Ақмола облыстық қазақ съезiн өткiзудi ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуiрде Ақмола облысы қазақ комитетi құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкiл ресейлiк мұсылман съезiне қатысты. Бiрiншi жалпы қазақ съезiнiң шешiмi бойынша Бүкiл ресейлiк Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретiнде ұсынылды.

«Алаш» партиясының Ақмола облысының комитетiнiң мүшесi болды. «Үшжүз» партиясы өкiлдерiнiң жалған айыптауымен бiрайға жуық абақтыға отырып шықты. Екiншi жалпы қазақ съезiне делегат ретiнде қатысып, онда оқу мәселесi бойынша құрылған комиссияға төрағалықеттi.

1918-1919 жылдары Петропавл уездiк земство басқармасында қызмететтi. 1919-1923 жылдары Ақмола губерниялық «Бостандықтуы» газетiнде, «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетiнде қызмет iстепжүрiп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы «Батыр Баянды« жазып, жарыққа шығарады.

1923-1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркем өнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетiн, Батыс Еуропа әдебиетiн терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерiмен жеке танысып, көпшiлiгiмен достыққарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынғаұ шырады.

1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшiлерi коммунистiк университетiнде қазақ жастарының жерлестiк ұйымында жиналыс өтiп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды.

Жұмабайұлы 1927-1929 жылы Бурабайда, одансоң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.

1929 жылы Жұмабайұлы «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшiн деген айыптаулармен Мәскеудегi Бутырка түрмесiне қамалып, 10 жыл айдауға кесiледi. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.

Петропавл қаласында мектепте орыс тiлi мен әдебиетiнен сабақ беретiн мұғалiм болып жұмыс iстейдi. Көп ұзамай қалалық оқуiсiнiң меңгерушiсi оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалiмдiк қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келедi. Аудармаiсiмен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесiлдi.

Мағжан Жұмабаев музейi.

1989 жылы Сарытомар орта мектебiнде бiр бөлмеде Мағжан Жұмабаевқа арнайы музей ұйымдастырылған болатын. Ұйымдастурышы — Көжекпаев Ерiк Қаскейұлы. 1993 жылы мектепшiлiк музей салынды. 2008 жылдың 17 қаңтарынан бастап мектепшiлiк музей МКҚК «Мағжан Жұмабаев музейi» болып өзгертiлдi.

«Мағжан Жұмабаев музейi» экспозициясы Мағжан Жұмабаевтың өмiрi, әдеби шығармашылығы? Қалған әдеби мұрасы, қызметi негiзiнде құрылған. Музейдiң негiзгi жұмысы — ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың өмiрi мен шығармашылығын насихаттай отыра өскелең ұрпақтын, азаматтық, патриоттық сезiмдерiн қалыптастару, ата-мекенiне, туған жерiне, тарихына деген қызығушылық арттыру негiзiнде жұмыс жүргузiде.

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

15 сентября 2025
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 19,04 млн АҚШ долларын пайдаланды
11 сентября 2025
«БЖЗҚ» АҚ-да (БЖЗҚ) «Ашық есік күні»
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2025
Хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы