Меню

Страницы

Статья

Ақ-Ирий ескi қаласы

Ақ Йрий ескi қаласы Есiл алқабы мен Батыс Сiбiр ойпаты қиылысқан жерiнде Солтүстiк Қазақстан облысының Долматов ауылында орналасқан.

Оны ғалымдар 1968 жылы ашты, дегенмен ұзақ жылдар бойы осында жүйелi зерттеу және қазба жұмыстары жүргiзiлмеген, тек 2003 жылы осы жерде жергiлiктi қазба жұмыстары басталды.

Ақ Ирий ескi қаласы V ғасырға жатады, бұл сақтар дәуiрi болып табылады, көне елдi мекен дала және орман тұрғындары арасында өзiндiк форпост ретiнде қызмет еттi.Маңызды құрылыстарға қорғау орларын, дуалдарды, басқа да фортификациялық құрылыстарды жатқызуға болады. Бекiтiлген қала iшiнде ғалымдар үйлердi, сонымен қатар ұста шеберханалары мен керамиканы дайындау өндiрiстерiнiң қалдықтарын тапты.

Қазба жұмыстары барысында Есiл өзенiнiң басты биi оң жағалауында орналасқан ескерткiш алаңы егжей-тегжейлi зерттелiнген.

Ескi қала екi жағынан адам аяғы басылмайтын биiк үшбұрышты және қорғау құрылыстарымен бөлiнген мүйiсiнде орналасқан.Көне қаланың ауданы шамаен жиырма бес мың шаршы метрдi құрайды. Археологтар оны ақ жәннат деген сөздi бiлдiретiн айтарлықтай романтикалық Ақ-Ирий деп атады. Зерттеушiлердiң болжамдары бойынша ескi қала дiни-шаруышылық және қорғау мақсаттарында салынған. Бекiнiс құрылыстары, археологтардың айтуынша отқа табынған және зороастризмге сенетiн дала сақтарының меншiгiнде болған.Зороастризм Еуразия даласына қола дәуiрiнде енiп, бiздiң заманызға дейiнгi бiрiншi мыңжылдықтың басында толығымен қалыптасты.

Ақ Ирийдiң нақты жобасын зертеушiлер қазба жұмыстары барысында анықтайды. Табылған белгiлерi бойынша ол Петропавлдың аумағында орналасқан зерттеуден өткен Ақ тау ескi қаласына сәйкес болуы тиiс.

Бұрыштары мен қабырғаларының орталарында төбенi ұстауға арналған бағаналары бар 35-45 шаршы метрдi құрайтын үйлер табылған. Қабырғалары бұтақтардан, шыбықтардан жасалып, балшықпен сыланған. Көптеген күйдiрiлген кiрпiштер дәл осы технология Ақ Ирийде қолданылғанын растайды. Ескi қаланың ортасында жер үстiнде сәуле тәрiздi барлық бағыттарға таралып, бекiнiс қабырғаларының жанында айналып жүру жолымен қосылатын кең жыралермен тереңдетiлген аумақты алаң айқын көрiнедi.Табылған заттардыдан ескi қаланың тұрғындары сол темiр дәуiрiнiң ерте кезеңiнiң өзiнде дамудың айтарлықтай жоғары деңгейiне жеттi.

Ескерткiштерде күйiлген кiрпiштiң, метал шлактарының қалдықтары шоғырланған өнiдiрiстiк алаңдар бар. Металды балқытуға арналған пештердiң қалдықтары көне сақтар металлургия өндiрiсiнiң технологиясын жақсы бiлгенiн растайды.

Қазiргi үстiңгi бетiнде биiктiктiгi бiр метрге дейiнгi бекiнiс дуалы мен тереңдiгi шамамен бiр метр қорғаныс оры толық көрiнедi. Қазба жұмыстары барысында ескi қаланың аумағына бас (орталық), сонымен қатар қосымша кiру (шеттегi) жолдары табылды.Ескi қалада Жапондық, Жерорта теңiздерiнде кездесетiн каури ұлу құбыршақтары табылғаны таңғаларлық болып көрiнедi. Олар ақша ретiнде пайдаланылуы мүмкiн, яғни бұл сақтардың сыртқы қатынастары кең болғаны деген сөз. Бекiнiс дуалының iргетасында суды жiбермейтiн материал ретiнде қабық пайдаланылған.Балшықты күйдiру және металды балқытуға арналған пештер де табылған. Табылған бiрегей заттар сақ тайпалары осы жерлерде мекендеп, алдыңғы тарихи кезеңдерiнiң мәдениеттерiнде терең тамырлары болғанын болжауға а мүмкiндiк бередi. 2013 жылы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң археологтары Ақ Ирий ескi қаласының қазба жұмыстары өткен жерiнде ашық аспан астындағы археологиялық мұражай ашуды ұсынды.

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

15 сентября 2025
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 19,04 млн АҚШ долларын пайдаланды
11 сентября 2025
«БЖЗҚ» АҚ-да (БЖЗҚ) «Ашық есік күні»
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2025
Хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы