Архистратиго-Михайловск әйелдер монастырi, қазiргi Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылында орналасқан. Пресновка ауылынан 60 км жерде.
Бұл жер патша қорғаны, көл, монастырьдiң шаты сақталғанмен қызықты. Қазiргi кезге дейiн бұл киелi жерге қажылар келедi. Ол жерде бекiнiс, священник үйiнiң қабырғалары, ғимараттар мен құрылыстардың iргетастары қалды. СҚО аумағында үш монастырь болғанын бәрi бiле бiлмейдi. Бiрiншiсi — Архистратиго-Михайловск немесеҚазан әйелдер жатақханалық монастырi Пресновкадан алыс емес жерде, екiншi — Петропавлдағы Всех святых храмының жанындағы әйелдер жамағаты, үшiншiсi -Қара оба мекенiнде Николаевский ерлер монастырi, қазiр ол Қостанай облысының аумағы. Революциядан кейiн олардың барлығы жойылды.
Монастырьдi есаул Алексея Казиннiң жесiр қалған әйелi — Анна Васильевна Казин ашқан. Анна 1857 жылы дiн қызметшiсiнiң үйiнде туған. Ол ерте жесiр болып қалды. Өкiнiшке орай 30 жастағы жас әйелде бала болмаған. Күйеуi қайтқан сол ол құдай мен адамдарға қызмет етемiн деп шештi. Бiлiмдi болғандықтан, бар ақшасы мен жерлерiн берiп өз күшiмен монастырьдi ашуға жұмсады. Бiраз уақыт өткен соң Анна Казина императрица Александра Фёдоровнаға бес хат жазып, көмек сұраған. Материалдық көмек көрсетiлдi. 1902 жылы монастырь аумағында Святая Троица атынан ағаш храмы жарықтандырылды. Осы iс-шарада Анна Васильевнаға Евпраксия есiмi берiлiп монахиня және игуменья монастырьдiң настоятельницасы болып көтерiлдi. Бұл шаруасы бар iрi әйелдер монастырi болаты туралы Александр Листопадний әңгiмiлейдi. Оның аумағында бiраз ғимарат болатын, соның iшiнде хужралармен үйлер, тоқыма мен иконжазатын шеберханалар, қажылар үшiн қонақүйлер. Монастырь жергiлiктi халықты балықпен қамтитын көлдiң жанында орналасқан. Монастырьда сонымен қатар жел диiрменi, карет мен кiрпiш шеберханалар кiретiн шағын шаруашылық ұйымдастырылған. Монастырь жеке мемлекет сияқты болған. Қауiпсiздiк үшiн ол ормен және биiк шарбақпен қоршалған. Шарбақ iшiнде священниктiң үйi, ағаш және тастан жасалған (соңғысы Архангел Михаилдiң құрметiне) екi храм болатын. Монахинялар әртүрлi iспен айналысатын: егiн егу, мал бағу. Монастырь рухани орталық болатын Храмдарда дiндар адамдар табынуға келетiн иконалар көп болатын. Бұл киелi жерге Қазақстаннан және Ресейден көп адам келетiн және әлi де келуде. Монастырь жанында жетiм балаларға арналған мектеп болатын. Онда 60 қыз бала тұрған. Қазақстанда көтерiлiстер басталған кезде игумена Евпраксия ендi аз өмiр сүретiнiн сездi. Расында 1921 жылы монастырь настоятельницасы серiктесi екеуi атылды. Олар монастырь аумағында жерлендi. Кейiн монастырь тоналып кеттi. Ғимараттарының бiрiнде «Труд»социалистик сельхозартелi жайғасты. Сосын «халық жауларының» балалары үшiн балалар үйi ашылды. Балалар үйi 60-сыншы жылдарға дейiн жұмыс iстейтiн. С.Н. Виниченконың«Пресногорьковские были» кiтабында: «…монастырь ғимараттарының үлкен кешенiнен екi қабатты мектептiң қабырғалары және священниктiң бiр қабатты үйi ғана қалды. Сол үйден 33 сажен жерде әдiмi Святая Троица хармы болған жерде тек үлкен дөң бар. Храмда 50-ыншы жалдары клуб орналасатын. Шiркеу зиратында есаул Казанның және кiнәсiз өлтiрiлген монахинялардың моласы жатыр. Аймақта бұта мен жас қайыңдар өсiп, әртүрлi құрылыстардан iргетастар қалған. 1897 жылы монастырь салу үшiн таңдалған жер өте әдемi — терең алқап, көл мен дарқан орманды дала» деп жызылған.