Меню

Страницы

Статья

Әйелдер гимназиясы

1864 жыл

Вознесенский көшесi 42

1864 жылы Петропавл қаласында Вознесенский көшесiнде арнайы құрылған ғимаратта әйелдер приходский училищесi ашылды. 1871 жылы промгимназияға, ал 1904 жылы әйелдер гимназиясына айналды. Статистика бойынша 1913 жылы ғимаратта 460 адам оқу курсынан өткен. Әйелдер гимназиясы Петропавл басқармасы және басқа кiрiс көздер қазынасынан қаржыландырып отырды. Оқу құқығына төлем келесi түрде болды: дайындық сыныбында жылына әр оқушыға 30 рубль; 4 бастауыш сыныптарда 40 рубль; 5-7 сыныптарда 60 рубль; 8 сыныпта 75 рубль. Бұдан басқа, 10 рубльден шет тiлiн оқытуға алған.Кеңес уақытында ғимаратта педагогикалық училище орналасқан. 1966 жылы ғимарат қалалық атқару комитетiнiң 1966 жылдың 17 қарашасындағы № 783 шешiмiмен қалалық халықтық бiлiм бөлiмi балансынан Петропавл педагогикалық училище балансына берiлдi. Кейiнiрек ғимаратта қалалық балалар жеңiл атлетика спорт мектебi орналастыҚазiргi уақытта ғимарат жеке меншiк иесiне берiлген.

20 ғасырдың басында негiзгi ғимаратқа қосымша құрылыс ретiнде 2 ғимарат жалғастыра салынған (оң қанаты). Ғимараттың жалпы ауданы — 1124,9 ш.м; оның iшiнде негiзгi — 737,5 ш.м; орташа биiктiгi — 3,8 м.

Ғимарат екi бөлiктен тұрады.Оң қанаты кешiрек салынған көрiндеi. Қасбетiнде айқын және нақты композиция бар.

Негiзгi қасбеттерi рельефтi элементтерге ие. Әсiресе пилястрдiң қызық құмыра тәрiздi пiшiнi, ғимараттың оң жақ бөлiгiндегi терезе ойықтарын қоршайды. Ғимараттың оң жағындағы кiрпiштi қабырғасы көлденең сызықтармен кесiлген, қасбетке мүшелеу модульiн айқын көрсетедi. Ғимараттың сол жақ бөлiгi сәнделген, бiрақ элементтер пропорциясы ұсақ және көркемдiгi аса айқын.

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

05 мая 2026
Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда
29 апреля 2026
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 12 айда 17,9% ұлғайды
29 апреля 2026
Қазақстандықтарға 2026 жылдың алғашқы 3 айында есептелген инвестициялық кіріс 307 млрд теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты