Меню

Страницы

Статья

«Новый свет» кинотеатры («Ударник» кинотеатры)

1908-1909 жж. (Архит.).

Казахстанская правда көшесi, 91 үйде орналасқан.

Ғимарат бiрге қосылған екi бөлiктен тұрады: бiрiншi бөлiк — бiр қабатты биiк зал болып келетiн, кәсiпкер В.А. Назаров салған ескерткiштiң ескi бөлiгi. Шығу бөлiгiндегi сәндiк каннелюралары бар жартылай бағандар, әр түрлi формадағы терезе жақтаулары, ғимараттың шатыр бөлiгiндегi балюстрадты құрылымдары бұл ғимараттың негiзгi фасады саналады. Бұның барлығы «классицизм» стилiне тән белгiлер болып табылады. 1961-1963 жылдары ғимарат толықтай жөңдеуден өттi.

«Новый свет» электр театрының залы фойеге қайта жабдықталды. Ғимаратқа қайта қосылған жаңа бөлiгiне алты жүз орындық екi зал («Қызыл зал» және «Жасыл зал») және екi қабатта орналасқан әкiмшiлiк бөлмелер кiредi. Ескерткiш ғимараты кiрпiштен, iргетасы бетондалған. Ескi бөлiгiнiң жабыны — ағаштан, ал жаңа бөлiгi темiрбетоннан жасалған. Iшкi және сыртқы қабырғалары сыланған.

Ең алғаш рет петропавл тұрғындарына 1905 жылы қалаға жылжымалы синематограф келгенде фильм көрсетiлген. Бiрiншi электротеатр 1912 жылы ашылды. Ол белгiлi қалалық кәсiпкер В.А. Назаровқа тиесiлi. Оның электротеатрында фильмдер көрсетiлуi туралы жарнамадһлар «Приишимье» газетiнiң бiрiншi бетiнде басылып отырған.

1917 жылы Петропавлдық жұмысшылар қоғамы мен әскери депутаттар Назаровқа тиесiлi синематограф пен ғимаратты халықтандыру туралы шешiм қабылдады. Кинатанушылар бұл шешiмдi кино туралы кеңестiк заңдардың қатарындағы бiрiншi мемлекеттiк акт деп есептейдi.

Ғимарат өзiнiң жоспарлы кешендiк құрылысында қоғамдық мақсаттарға лайықталған, ХХ ғасырларға тән көпестiк қаланың тарихи нұсқасы iспеттес, қаланың орталық бөлiгiнiң архитектуралық мұрасы болып табылады

Мәлiметтер Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Петропавл қалалық әкiмдiгi және жылжымайтын мүлiк Орталығы Қазақстан Республикасы әдiлет Министрлiгiнiң Тiркеу Комитетiнiң қызметi, Солтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгi, Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи өлкетану мұражайының Солтүстiк Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы тарихи мәдени мұраны қорғау бөлiмiнiң қорында сақтаулы.

Ғимарат облыстық халық депутаттары қоғамының шешiмiмен қорғауға алынды (№478 1979 ж. 11.11).

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

30 октября 2025
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері көрсеткен қызметтердің 98% цифрлық форматта іске асырылған 
29 октября 2025
Ақпараттық хабарлама зейнетақы активтерінің кірістілігі: 12 айда – 3,11 трлн теңге
28 октября 2025
Құрметті журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері!

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты