Меню

Страницы

Статья

Сауда үйi

ХIХ ғасырдың соңы (Сәулет өнерi).

Бөкетов көшесi, 1 мекенжайы бойынша орналасқан.

Алғашқы сауда үйi қырық төрт көпес дүкендерiмен ойқалада орналасты, ол жерде қалалық базар орналасты. Өрттен кейiн 1849 жылы қаланың тау жақ бөлiгiне жаңа сауда үйiнiң құрылысы туралы шешiм қабылданды. 1873 жылғы Ресей империясының географиялық-статистикалық сөздiкте П.П. Семенов: «Сауда үйi сауда өлшемiне сәйкес емес, сондықтан жаңа сауда үйiн салу керек» деп жазды. Жаңа сауда үйiнiң құрылысы ХIХ ғасырдың 80-шi жылдары басталды деп есептеуге болады. Сауда үйiне жақын көк базар орналасты. Құрылыс қалалық Думаның және Басқарманың қаражатына жүргiзiлдi, жергiлiктi көпестер iшiнара қаржыландырды. Екiншi қабат қонақтар уақытша тұруға арналған. Бiрiншi қабатта сауда үйiнiң қызметтiк ғимараттары және дүкен орналасты. Бiраз уақыт бiрiншi қабатта «Товарищества братьев Овсянниковых и А. Ганьшина с сыновьями» мата дүкенi болды. Кеңес билiгi жылдары бұл ғимаратта әртүрлi мекемелер болды. ХХ ғ. 80-90-шы жылдары бұл жерде онкологиялық диспансер орналасты.

Ескерткiш басқа мемлекеттермен сауда-экономикалық қарым-қатынасты сипаттайды, Қазақстанның солтүстiк қақпасы болып табылатын Петропавл қаласының географиялық жағдайын ерекше атап көрсетедi.

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

21 августа 2026
БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98,6% цифрлық форматта жүргізілді
20 августа 2026
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру БЖЗҚ туралы өзекті сұрақтар
12 августа 2026
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялық сипаттамасы және болашаққа болжамдар

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері