Меню

Страницы

Статья

Көпес Смолиннiң үйi

1874 жыл, 1916 жыл (Сәулет)

Көпес Д.И. Смолиннiң үйi, 1874 жылы салынған. Iшкi аулада орналасқан қоймалар ұн және арақ-шарап көтерме сауда жасау орны болды. 1916 жылы негiзгi ғимаратқа қосылып Сiбiр сауда-өндiрiстiк банкiсiнiң бөлiмi салынады. Негiзгi ғимараттарға шаруашылық аумақтарын көбейту үшiн бiрнеше қосындылар жалғанған. Осылай бiрнеше бөлек ғимараттар қосылып бiр бүтiнге айналған. Негiзгi ғимарат қабырғалары (1874 жылы салынған) аз күйдiрiлген сапасы нашар кiрпiштен қаланған. Сондықтан 2002 жылға қарай негiзгi ғимарат апаттылық жағдайға ұшырап, бұзылып тасталды. Негiзгi ғимараттың сәулеттiк стилiнде кешiрек салынған қалған қалған корпустар қалпына келтiрiлiп шаруашылық-коммерциялық iсте қолданылады.

1919 жылдың қарашасында бұл ғимараттарда Петропавл қаласын колчактардан босатқан М.Н. Тухачевский басқарған 5-шi Қызыл Армияның штабы орналасты. Армия құрамында әлемге есiмi белгiлi чех жазушысы Ярослав Гашек болды. Кеңес кезiнде бұл ғимараттарда ГПТУ-25 оқу-өндiрiстiк корпустары орналасты.

Ғимарат шет аймақтық көпес қаласының тарихи жоспарының үлгiсiндегi

ХIХ ғ. — ХХ ғ. басына тән сауда және iс жүргiзуге арналған жоспарлы кiрпiш кешенi және ол қаланың орта бөлiгiндегi сәулет мұрасы.

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

05 мая 2026
Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда
29 апреля 2026
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 12 айда 17,9% ұлғайды
29 апреля 2026
Қазақстандықтарға 2026 жылдың алғашқы 3 айында есептелген инвестициялық кіріс 307 млрд теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты