XIX ғасырдың басы. (Архит.).
Пушкин көшесi, 63 үйде орналасқан.
Берiлген ғимарат «Полиция бөлiмшесi» мемлекеттiк мекеме ретiнде салынды.
Кейiнгi жылдары ғимарат бiрнеше рет қайта салынып, жөндеу жұмыстарынан өттi.
Ғимарат бiрiншi қабатты қамтитын бiрқабатты қосымша құрылысқа ие (ХIХ ғасырдың ортасы). Ғимараттың үшiншi қабат бөлiгi көркемдiк және архитектуралық жағынан ерекше. Фасадта архитектуралық сәндiк элементтерi мен жақтаудың жоғарғы бөлiгiн құрайтын, пиластрмен безендiрiлген қосылған терезе жақтаулары бар. Пушкин көшесi жағынан үшiншi қабаттың артқы бөлiгi кейiнге шегерiлiп, оның орнына екiншi қабаттың сәндiк элементi салынды. Бәлкiм, бұл үшiншi қабаттың кейiн салынғанын бiлдiредi.
Ғимарат ХIХ ғасыр басындағы қаланың басты көшесiнiң көркем орны болып табылатын орталық алаңды ұйымдастырған бұрыштық құрылыс.
Ғимарат өзiнiң жоспарлы кешендiк құрылысында кiрпiш қоғамдық мақсатқа лайықталған, ХIХ ғасырға тән қаланың орталық бөлiгiнiң архитектуралық мұрасы болып табылады
Мәлiметтер Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Петропавл қалалық әкiмдiгi және жылжымайтын мүлiк Орталығы Қазақстан Республикасы әдiлет Министрлiгiнiң Тiркеу Комитетiнiң қызметi, Солтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгi, Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Солтүстiк Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлiмiнiң қорында сақтаулы.
Ғимарат Петропавл қалалық атқарушы комитетiнiң шешiмiмен (№ 115 1982 ж. 18.03) және Солтүстiк Қазақстан облыстық атқару комитетi шешiмiмен қорғауға алынды (№501 1980 ж.11.12).