Меню

Страницы

Статья

Көпес Черемисиновтың үйі, 1895 жыл

Қазақстан Конституциясы көшесi 10-үй бойынша орналасқан.

Ғимарат 1895 жылы салынған. 1917 жылына дейiн ғимаратта көпес В.И. Черемисиновтың — қала басқармасының төрағасы — мануфактуралық дүкенi орналасқан. В.И. Черемисиновқа үй оның әкесiнiң бауыры көпес С.И. Хлебниковтан мұра бойынша берiлген.

Сауда ғимараты жоспарда тiкбұрышты формада және үлкен терезе ойықтарымен берiлген. Қасбетi кiрпiштерден қаланған пилястрлармен, аяқталған капителдермен, парапеттiк элементтермен безендiрiлген және сыланған. Ғимараттың орталық бөлiгiндегiшатырдың куполдық соңы ерекше қызығушылық сезiмiн тудырады, ол iшкi интерьерде мүлде көрiнбейдi, және, шамасы, тек декоративтiк мақсатта ғана қолданылған. Төбесi металл арқалыққа тiрелетiн цилиндрлiк жиынтық түрiнде орындалған.

Ғимарат қаланың архитектуралық мұрасы болып табылады және iскерлiк және саудаға бағытталған жоспарлық кешендi кiрпiштен салынған құрылысты бiлдiредi, XIX ғасыр үшiн сипатты провинциалдық көпестiк қаланың тарихи жоспарламалы үлгiсi болып табылады.

Материалдары Солтүстiк Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейiнiң қорында, Солтүстiк Қазақстан облысының мәдениет басқармасының тарихи-мәдениет қорын сақтау бөлiмiнде, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнде, Петропавл қаласының әкiмдiгi және Қазақстан Республикасының әдiлет Министрлiгiнiң тiркеу қызметi Комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк орталығында сақталады.

Ғимарат Петропавл қалалық исполкомның шешiмiмен қорғауға алынған (18.03.82 ж. № 115).

Әдебиет: Өлкетанушы Н.Н. Молотковтың жеке архивiнен
М.А. Морозов Петропавл революцияға дейiнгi әдебиет көздерiнде. — Л., 1991.
М.А. Морозов Петропавл — Қазақстанның солтүстiк қақпасы. — Омск, 1993.
Солтүстiк Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 с. 393, 435-437

Дата публикации
01 февраля 2021
Дата обновления
01 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

30 октября 2025
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері көрсеткен қызметтердің 98% цифрлық форматта іске асырылған 
29 октября 2025
Ақпараттық хабарлама зейнетақы активтерінің кірістілігі: 12 айда – 3,11 трлн теңге
28 октября 2025
Құрметті журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері!

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты