Меню

Страницы

Статья

Шамсутдиновтың сауда үйі, XIX ғасырдың аяғы

Қазақстан Конституциясы көшесi 17-үйде орналасқан.

Ғимарат М.К. Шамсутдиновпен салынған. Ол үйде кейiнiректе Назметдинова және Ко. серiктестiгi тұрған. Кеңес үкiметiнiң алғашқы жылдарында бұл ғимаратта көпшiлiктiң қолы жететiн ақылы амбулатория орналасты, одан кейiн, бiрiншi қабатында қалалық дәрiхана орналасқан. Екiншi қабатында көптеген жылдар Қазақстанның Коммунистiк партиясының Петропавл қалалық комитетi отырған.

Бұл ескерткiш — екi қабатты кiрпiш ғимарат, жоспарда тiкбұрышты. Екiншi қабатына бүйiр жақ сыртқы қабырғада кең ағаш мерекелiк саты орналасқан. Басты қасбетi кiрпiшпен қаланған мәнерлi элементтермен зерленген және парапеттi жаппа қабырғаларымен, кiрпiш тiрекшелермен аяқталады. Екiншi қабат интерьерiнде дәлiзде орналасқан көрiктi арка түрiнде есiк ойындысы бар. Фундаменттерi кiрпiш ленталы, аражабын — ағаштан, жылуұстағыш, жаппасы — темiр су ағатын тұрбалармен жабдықталған.

Ғимарат қаланың архитектуралық мұрасы болып табылады және iскерлiк және саудаға бағытталған жоспарлық кешендi кiрпiштен салынған құрылысты бiлдiредi, XIX-ХХ ғасырдың басы үшiн сипатты провинциалдық көпестiк қаланың тарихи жоспарламалы үлгiсi болып табылады.

Материалдары Солтүстiк Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейiнiң қорында, Солтүстiк Қазақстан облысының мәдениет басқармасының тарихи-мәдениет қорын сақтау бөлiмiнде, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнде, Петропавл қаласының әкiмдiгi және Қазақстан Республикасының әдiлет Министрлiгiнiң тiркеу қызметi Комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк орталығында сақталады.

Ғимарат облисполкомның шешiмiмен қорғауға алынған (11.11.79 ж. № 478)

Әдебиет: «Приишимье» газетi, 1915 ж. 28 шiлде.
«Мир труда» газетi, 1922 ж. 6 мамыр.
ГАСКО Ф. 158 « Личный фонд Бенюха М.И.»
ҚР мемл. Меншiк басқармасы бойынша Комитетi (Расстегняев)
Өлкетанушы Н.Н. Молотковтың жеке архивiнен
М.А. Морозов Петропавл бойынша. — Алма-Ата, 1981.
М.А. Морозов Петропавл революцияға дейiнгi әдебиет көздерiнде. — Л., 1991.
М.А. Морозов Петропавл — Қазақстанның солтүстiк қақпасы. — Омск, 1993.
Солтүстiк Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 с. 393, 435-437
ЦГА РК Ф. 566 «Городская управа. 1861-1918 жж.»

Дата публикации
01 февраля 2021
Дата обновления
01 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

30 октября 2025
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері көрсеткен қызметтердің 98% цифрлық форматта іске асырылған 
29 октября 2025
Ақпараттық хабарлама зейнетақы активтерінің кірістілігі: 12 айда – 3,11 трлн теңге
28 октября 2025
Құрметті журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері!

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты