Меню

Страницы

Статья

Владимир Ильич Ленин атандағы №1 мектеп 1935-1938 жылғы

Қазақстан Конституциясы к-сi, 39 орналасқан.

Ғимарат құрылысы 1935 жылдан бастап 1938 жылдары типтiк жоба бойынша мектепке арналып жүргiзiлдi. 1935-36 оқу жылы В.И. Ленин атындағы №1 мектеп осы ғимаратты алып, 40 жыл бойы осында болды.

Дәлiздiк жүйелi екi қабатты ғимарат, жоспарда төртбұрышты болып келедi. ХХ ғ. 50-жылдары салынған жапсарлас үшқабатты кiрпiш үймен жылы жүрiс жолы арқылы қосылған. Ғимараттың орташа биiктiгi 3,9 м, iрге тасы-кiрпiш, ленталық. Қабырғалары және аралықтары 2,5 кiрпiштен қаланған, сыланған және боялған. Төбенiң итарқасы ағаш балкалар бойынша тақтайдан жабылған. Шатыры темiр, брустан жасалған торлар үстiне төселген. Едендерi тақтай. Терезелерi ашпалы, екiқабатты, төртбұрыш тәрiздi. Пайдалы аумағы — 1356,2 ш.м., негiзгi — 776,5 ш.м. Қабырғаларда сәулеттiк әсемдеу элементтерiнен пилястрлер мен төбе жабатын жақтаулық қабырғалар бар.

Ғимарат қаланың орталық бөлiгiндегi кiрпiштен жоспарлы кешендi салынған, оқуға арналған ХХ ғ.тән, қаланың тарихи жоспарының үлгiсi болып саналады.

Материалдар Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейiнiң, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлiмiнiң қорларында және Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы заң Министрлiгiнiң тiркеу қызметi комитетiнiң жылжымайтын мүлiк орталығында сақтаулы.

Ғимарат Петропавл қалалық атқару комитетiнiң шешiмi бойынша қорғауға алынды (№115, 18.03.82.)

Қазiргi кезде ғимаратта «Kaspi bank» АҚ Петропавлдық филиалы орналасқан.

Әдебиет: Давлеткельдиева Р.Г. Школа, страницы истории. — Петропавловск, 1986.
Солтүстiк Қазастан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 с. 435-437.
ҚР мем. Меншiгiн басқару комитетi (Расстегняев)

Дата публикации
01 февраля 2021
Дата обновления
01 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

21 августа 2026
БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98,6% цифрлық форматта жүргізілді
20 августа 2026
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру БЖЗҚ туралы өзекті сұрақтар
12 августа 2026
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялық сипаттамасы және болашаққа болжамдар

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері