Меню

Страницы

Статья

Қарасай және Ағынтай батырларының мемориалдық кешенi

Қысқаша мәлiмет: 1999 жылы 15 қазанда осы жерде алып мемориалдық ескерткiш ашылды. Ескерткiш қазақ хандығының тәуелсiздiгi үшiн күрескен атақты батырлар Қасарай мен Ағынтайға арналған кешен болып табылады. Кесене Қазақстан халқы бiрлiгi, достастығы және ынтымақ нышаны. Композициялары жағынан кешен қағандардың көне түркi дәстүрлерiн дамытып жатыр. Басты белдiгi Меккеге бағытталған, оған мешiт михрабы да бағытталған.

Аңызы: 17-шi ғасырда Есiм ханның туы астында атақты Шапырашты Қарасай батыр мен Арғын Ағынтай батыр осы жердi жаулаушылардан қорғаған. Жоңғарларға қарсы қиын күресте Есiм ханның әскерiн он сегiз жасындағы Қарасай басқарды, ал Арғын Ағынтай оның көмекшiсi мен адал досы болған. Бiрге жүретiн батырлар 48 жылдан астам уақыт бойы 200 астам рет қанаушыларға қарсы қанды шайқастарға қатысты. Олар екеуi Құлшынбай төбесiнде жерленген.

1999 жылы 15 қазанда осы жерде алып мемориалдық ескерткiш ашылды. Батырларға арналған кесене Қазақстандағы барлық бiрлiк, достастық және ынтымақ нышаны болды. Биiк төбе үстiнде екi әскери дулыға түрiндегi құрылыстар орнатылған, олардың арасында мешiт орналасқан. Оның жанында көне заман жауынгерлерiнiң бiрiктiрiлген найзалары тұр. Күмбездер айналасында көне заман жауынгерлерiнiң бiрнеше жерлену орындары орналасқан.

Композициялары жағынан кешен қағандардың көне түркi дәстүрлерiн дамытып жатыр. Басты белдiгi бойынша Меккеге бағытталған, оған мешiт михрабы да бағытталған. Кiрпiштен салынған дуалмен қоршалған шеңберге кiру орны екi мұнарамен белгiленген және намаз оқу мен құрбан шалуға арналған кесенелер арасындағы алаңға апарады. Граниттен салынған iргетас үстiндегi алаң бұрыштарында батырлардың жауынгерлiк айбынының нышандары ретiнде қола қаптамасы бар металдан жасалған кескiннiң бiрiктiрiлген найзалары орнатылған. Шеңбер ортасында екi ұлы батырлардың кесенелерi орналасқан, олар Солтүстiк Қазақстанға тән эллипсоидтық кескiндемелерi бойынша орындалған. Олардың алдында конус тәрiздi шағын жоқтау мешiтi орналасқан, ол символды және сәулетi жағынан кесенелердi бiрiктiредi.

Кесенелер арасында, орталығында шағын зал шағын пинакотека залы орналасқан, олардың қабырғаларында батырлардың ерлiктерiн баяндайтын үш тiлдегi мәтiндер жазылған.

Кесенелердiң үстiңгi жақтарындағы алып көлемдерi құйылған керамиканың элементтерiмен әсемделiнген және метал қаңқасында бекiтiлген бүгiлген алты миллиметрдi құрайтын шыныдан тұратын күмбездерiмен аяқталады. Кесенеге кiру есiгi металдан жасалған. Олардың беттерiнде Қоран сүрелерi ойылып жазылған.

Iшкi көрiнiстерiн өңдеу барысында керамикалық кiрпiш, Күртi және Қордай граниттерi пайдаланған. Құлпытастар жерлеу орындарындағы құлпытас пен қойтасты орнатудың көне түркi дәстүрiн жалғастырып, авторлардың шаблондары бойынша жылтыратылған қызыл Қордай граниттен орындалған. Әр құлпытастың жанында шырақ орналасқан, келушiлер оны жағып, аруақтардан көмек берулерiн сұрай алады. Өңiрдегi басқа да жерлеу орындары тротуар тақтасымен салынға, ал одан тыс орналасқан жерлеу орындары соғылған аласа метал дуалымен қоршалған. Мемориалдың барлық негiзгi құрылыстар итальяндық технологиясы бойынша дайындалған керамикалық кiрпiштен орындалған. Кешен алдындағы алаң табиғи тас тақтатасымен төселген, осында демалыс үшiн қойылған орындықтар, сонымен қатар шойын құймасы технологиясы бойынша орындалған тiреулерiндегi шырақтар бар. Сәулет жобасына сәйкес кесенелердiң биiктiгi — 16 м, мешiтi биiктiгi — 12 м; жоба бойынша құрылыс өлшемi — 19×13,5 м; қоршау құрылысының диаметрi — 27 метрдi құрайды.

Атақты батырлардың қабiрлерi жанында жаулаушыларға қарсы күресте қаза тапқан көптеген жауынгерлердiң жерлеу орындары орналасқан. Қазба жұмыстары кезiнде осында батырдың денесi табылған, оның бойы шамамен 2 м болып, оның жаныда ауыр қылыш пен қару-жарағы болған.

Қарасай және Ағынтай батырларының Мемориалдық кешенi ашылу күнiнен бастап қажылық және экскурсия орны болып табылады. Жыл сайын оны Қазақстан түкпiрлерiнен келетiн мыңдаған адамдар барып жүредi. Осында екi рет Ел Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев болған. Кесене жанында қажылық жасайтын адамдар мен туристтер үшiн қонақүй орналасқан. Дәстүр бойынша кесенеге жас жұбайлар келедi, осы жерден әскерге, оқуға баратын жастарды шығарып салып отырады. Атақты батырлардың құрметiне спорттық сайыстар мен ат бәйгелерi өткiзiлiп отырады.

Орналысқан орны:СҚО, Айыртау ауданы, Қарасай ауылынан оңтүстiк-шығысқа қарай 4 шақырым жерде

Ақпарат көздерi: Карасая и Агынтая батыров мемориальный комплекс // Северо-Казахстанская область. Энциклопедия. — Издание 2-е, дополненное. — Алматы: Арыс, 2006. — С. 316—317. — 672 с. — 1500 экз.

Дата публикации
01 февраля 2021
Дата обновления
01 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

15 сентября 2025
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 19,04 млн АҚШ долларын пайдаланды
11 сентября 2025
«БЖЗҚ» АҚ-да (БЖЗҚ) «Ашық есік күні»
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2025
Хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы